Жаңалықтар

«Елімізде мобильді аударымдар бақылауға алынды»: заң бұзушыға айыппұл салынады

«Елімізде мобильді аударымдар бақылауға алынды»: заң бұзушыға айыппұл салынады

2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Заң бұзған тұлғаға салық төлеушінің субъектілігіне байланысты 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy сілтеме жасап. Салық кодексі бойынша Қазақстандағы барлық ақшалай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс: бұл қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен төлеу. Мобильді төлемдерге Банктің қосымшасындағы QR-кодты қолдануға рұқсат етіледі. Қазақстанда тауарларды мобильді аударымдармен төлеуге тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Қаржы министрлігінің басшысы қол қойды.
«Қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шоттарына сатылған тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес салық төлеу әркімнің міндеті болып табылатынын еске саламыз.
«Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады.
БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ қатысуда», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы өткізілуде. Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады. Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады. Негізінен, салық органдары бизнесті заңды жүргізу үшін барлық қолайлы жағдайларды жасады, салық мөлшерлемелері төмен режимдерді қарастырды.