Жаңалықтар

Ақмола облысында әкесі 3 қызын зорлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында әкесі 3 қызын зорлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілдері Ақмолалық тұрғынның кәмелетке толмаған үш қызын зорлағаны туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлады Taulik.kz. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122 бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.
«2012, 2014 және 2016 жылы туған үш балаға медициналық тексеру жүргізіліп, оның барысында дене жарақаттары, тыртықтар, көгерген жерлер, жыныс аймағында жарақаттар анықталған жоқ. Сонымен бірге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», – деді Полиция департаментінің өкілдері.