Қазақстанда оқитын ауған студенттерінің саны көбейеді
Қазақстанда оқитын ауған студенттерінің саны көбейеді
Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын. Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөледі», - деді С. Жұманғарин.Оның айтуынша, Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқып жатыр.
«Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек», - деді министр.Айта кетейік, кеше Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын Ауғанстан делегациясы келді. Бұдан бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш Ауғанстанның Қазақстан үшін қандай қауіп төндіретінін, оны қалай болдырмауға болатынын және біздің еліміз неге тәліптермен ынтымақтасуды жөн көргенін түсіндірген. Вице-министрдің сөзінше, Талибан – террористік ұйым емес .
- Егер бұл мәселені халықаралық құқық тұрғысынан қарастыратын болсақ, Талибан террористік ұйым емес. Егер санкция режимінің ережесін негізге алсақ, БҰҰ Қауіпсіздік орталығының санкциялар тізімінде осы қозғалыспен аффилиирленген 135 мүше мен тұлға барын айта аламын, бұл ретте ұйымның өзі бұл тізімге енбеген.Талибан – әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тыйым салынған радикалды діни-саяси әскерилендірілген қозғалыс. Талибан Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы американдық әскерлер Ауғанстаннан шықты, кейінірек ұйым шабуылға шығып, мемлекетті өз қолына алды.