Жаңалықтар

Бекболат Тілеухан: Мен ешбір бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын! Алла куә!

Бекболат Тілеухан: Мен ешбір бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын! Алла куә!

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді. 
«Көк паспортым қолымда. Жұмысым қалыпша. Ыстамбұлда жүріп жатырмын», – деді ол. «Бұл мәлімдемеге себеп болып отырған дүние – көптеген бауырларымның жазып жатқан посттары. Ақылға сыймайтын нәрсе ғой, ел нанбайтын шығар деп ойлаған едім. Сөйтсем, кәдімгідей ел иланып жатыр. «Басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті» дегенге ел иланып, кәдімгідей нанып жатыр. Ақылға сыймайтын, қисынға томпақ келетін нәрсеге нанып жатыр. Менің аңғал, батыр, нанғыш, мен үшін аяулы болған кейбір бауырларымның өздері нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде бүйтіп мәлімдеме жасамаса болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын. Қадірлі, бауырларым! Мен ешбір бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын! Алла куә! Қазақстанда қос азаматтыққа тыйымсалынған. Қазақстанның көк паспортынан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласы бұл! Нанбаңыздар! "Ұлысмедианы" сотқа берем! Сотта кездесеміз аманшылық болса! Ешқашан өтірікке сенбеңіздер!», - деп атап өткен еді ол өзінің бұған дейін жолдаған аудио-жазбасында.

Taulik.kz