Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен бекітілген келісімде тараптардың бірнің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері аумақ арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттарды) жүзеге асыру мақсатында екінші тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылатыны айтылған.
Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:
- ҚР азаматының паспорты;
- ҚР-ға оралу туралы куәлік.
- ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
- ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;
- ҚХР уақытша жол жүру құжаты.