Мәдениет

Әнші Айгүл Иманбаева жақынынан айырылды

Әнші Айгүл Иманбаева жақынынан айырылды

Белгілі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі қайтыс болды. Қаралы хабарды Ерлан Рысқали Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз», – деп жазды Ерлан Рысқалиев.
Бұған дейін әнші 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтқан болатын.
"Әкем мен шешем ажырасқанда 4-5 жаста болуым керек. Мектепке бармаған кезім еді. Көп жағдайда ажырасқаннан кейін әкенің портреті де, жақсы көруің де, жек көруің де, қабылдауың да ары қарай анаңның айтқанына және өзіңнің балалық ой түюіңе байланысты болады. Менде әкенің портреті жақсы қалыптаспады. Өйткені, мен әкемнің қатты ішкенін көрдім. Ішіп келіп қана бізді іздейтінін көрдім. Анама қол көтергенін көрдім. Егер менде сондай балалық өпе, наз, тағдыр болмағанда мен Айгүл Иманбаева болмайтын едім", - деп сырымен бөлісті.
  a