Доллар бағамы арзандады
Доллар бағамы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бүгін доллар бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,88 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446,1 теңге, сатып алу – 448,7 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 446 теңгеден болса, сатып алу – 450.
Алматыда Ресей рублі 4,61 – 4,83 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,68 – 4,78 теңгеден сатылып жатыр.