Жаңалықтар

Қаңтар-маусым аралығында елден сыртқа аударылған ақша көлемі – 495,8 млрд теңге

Қаңтар-маусым аралығында елден сыртқа аударылған ақша көлемі – 495,8 млрд теңге

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан республикасынан шетелге халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы аударылған ақшаның көлемі артқан. Атап айтқанда, 495,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 9,7%-ға көп. Тек бір маусым айының өзінде шетелге аударылған ақша көлемі рекордтық деңгейге жетті. 104,4 млрд теңге. Ал 2022 жылдың сәуірінде 103,6 млрд теңге тіркелген. 2021 жылдың маусым айындағы көрсеткіш – 103 млрд теңге. Ranking.kz мәліметінше, ақша аудару жүйесі арқылы шетелге аударылған ақшаның жартысы Өзбекстан мен Түркияға жіберілген. Өзбекстанға – 130 млрд теңге және Түркияға – 118,5 млрд теңге. Аталған елдерден кейін 86,2 млрд теңге Ресейге аударылса, Қырғызстанға – 55,2 млрд теңге, Грузияға – 39,9 млрд теңге аударылған.