Бүгін елімізде Абай күні тойланады
Бүгін елімізде Абай күні тойланады
Бүгін 10 тамызда елімізде Абай күні атап өтіліп жатыр. Бұл - Қазақстанда мерекелік күнтізбеге енген күн, деп хабарлайды Taulik.kz.
Күнтізбеміздегі бұл жаңа мереке 175 жылдық мерейтойының қарсаңында үкімет қаулысымен бекітілген болатын. Содан бері 10 тамыз ресми түрде Абай күні болып жарияланды. Мереке демалыс күні емес. Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі, ағартушы исламға негізделген еуропалық мәдениетпен жақындасу рухындағы мәдени реформатор. Бүгінде оның жазған өлеңдері мен әндерін бүкіл қазақы ұрпақ насихаттап, мақтанышпен ұлықтауда. Ақын Шыңғыстау етегіндегі Жидебай ауылында жерленген. Қазақ халқының екі ұлы перзенті Абай мен Шәкәрімнің құрметіне болашақ ұрпақтың сүйіспеншілігі мен құрметін білдіретін зәулім кешен – екі мұнарадан тұратын кесене бой көтерді. 2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбаевтың құрметіне челлендж ұйымдастырған болатын.