Жаңалықтар

«Алматыны жер бетінен жою керек»: елордалық әйел тәртіпсіздікке шақырды (ВИДЕО)

«Алматыны жер бетінен жою керек»: елордалық әйел тәртіпсіздікке шақырды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде елордалық әйелдің ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақтар туралы бейәдеп сөздер айтқан видеосы таралуда, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл қазақтарды барып қорғаудың қажеті жоқ еді. Жаңаөзендегідей бірін-бірі өлтірсін. Сондықтан мен тонау басталғанын қалаймын. Сол кезде кімнен көмек сұрап, кімге қарай жүгіретініңді көрер едік. Алматыны жер бетінен жойып жіберу керек, – деді видеодағы әйел.
Астана қаласының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 174-бабы («Әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.