Жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік телеарнаның сайты бұғатталды

Қазақстанда ресейлік телеарнаның сайты бұғатталды

Қазақстанда ресейлік "Царьград" телеарнасының сайты экстремизмді насихаттағаны үшін бұғатталды, деп хабарлайды Taulik.kz.  Бұғаттаудың алдында телеарнаға төрт рет ескерту жасалған, себебі Қазақстанға қарсы жарияланымдар себеп болған. Тіпті "Қазақстанда орыстарды тізе бүктіргісі келеді" атты материал жарияланған. Алғашқы ескерту 2021 жылдың басында жасалса, қалғаны биыл мамыр айында жасалған. 2015 жылы құрылған "Царьград" өзін "алғашқы орыс консервативті ақпараттық-аналитикалық телеарнасы" ретінде көрсетіп келеді.