Үлкен Алматы көлінен Өзбекстан азаматы өлі табылды
Үлкен Алматы көлінен Өзбекстан азаматы өлі табылды
Алматы облысында Өзбекстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды Taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөліміне Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.