«Вахталық жұмысқа орналастырамын»: 10 адамды алдаған алаяқ ұсталды
«Вахталық жұмысқа орналастырамын»: 10 адамды алдаған алаяқ ұсталды
Түркістан облысында вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп 10 тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Күдікті әлеуметтік желіге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған. Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды», - делінген полиция хабарламасында.Қылмыскерді іздестіру барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.