Жаңалықтар

Дания мен Швеция Құранды өртеуге тыйым салуды қарастырмақшы

Дания мен Швеция Құранды өртеуге тыйым салуды қарастырмақшы

Швеция Құранды және басқа да діни кітаптарды көпшілік алдында өртеуге рұқсат беретін заңын қайта қарауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Құранды өртеуге қатысты шешімнен кейін мәселені шешудің мүмкін ықтимал жолдары туралы пікірталастар басталды. Пікірталасқа қатысушылар бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ел қауіпсіздігіне баға беру үшін конституцияда қандай құқықтар қарастырылғаны туралы мәселе қарастырылуы керек деп санайды. Негізгі заң ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін сөз және демонстрация бостандығын шектеуге рұқсат береді, бірақ іс жүзінде бұл норма үнемі толық қолданыла бермейді. Бұл мәселені шешу үшін Риксдагтағы барлық партиялардың өкілдерін қамтитын парламенттік жұмыс тобы құрылуда. Дегенмен, саясаткерлер бұл жағдайды шешу үшін конституциялық өзгерістер қажет емес деп санайды. Ал Дания Сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен болса, үкімет мұсылман елдерінің елшіліктерінің алдында Құранды жағуға тыйым салудың заңды жолын табатынын мәлімдеді.
"Дания Үкіметі басқа елдерге, мәдениеттерге және діндерге қорлау жасалған кезде мұндай жағдайға тікелей араласуға міндетті", - деді Расмуссен.