2024 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

21 тамыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
2024 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі Қаржы министрлігі дайындаған «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасында зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен АЕК көлемі көрсетілген, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.  Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Заң жобасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей сома жоспарланып отыр: Сондай-ақ жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 9,0%-ға арттырылуы мүмкін. Сонымен қатар құжатта 2024 жылға арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың мөлшері белгіленген. Ол мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ын құрайды.
«Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді», - делінген құжатта.