Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим туралы келісімге қол қойды

21 тамыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим туралы келісімге қол қойды Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz. 20 тамызда Тоқаев ресми іссапармен Вьетнамға барды. Екі ел басшыларының кездесуінде “өзара визасыз режим” енгізу туралы 12 құжатқа қой қойылды. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Вьетнамда шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс, жиынтығында әрбір 180 күн ішінде 90 тәулік болуға болады.