Тоқаев Ыдырысовты үш елдің елшілігі қызметінен босатты
Тоқаев Ыдырысовты үш елдің елшілігі қызметінен босатты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Ұлыбритания, Исландия және Ирландия елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.
Taulik.kz