Жаңалықтар

«Павлодарда 7 мың студент тентіреп жүр»: Жатақхананың жерін кім сатты

«Павлодарда 7 мың студент тентіреп жүр»: Жатақхананың жерін кім сатты

"Павлодарда Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-нің студенттері барар жері болмай тентіреп жүр. Себебі мемлекет иелігінен бөлінген жер Президенттің педагог мамандығы мәртебесін көтеру бастамасына сай жекеге сатылып кеткен",-деп жазады Taulik.kz ongar_online телеграм арнасына сілтеме жасап.  Павлодардағы екі мемлекеттік университетке 4 жыл бұрын мемлекет иелігінен арнайы жер бөлініп, жатақхана құрылысын бастаған болатын. Торайғыров университетінікі дайын. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған дайын нысанды сатып алу процессі жүріп жатыр. Ал болашақ педагогтарға әлі де пәтер жалдап, біраз тентіреуге тура келеді. Себебі, оларға арналған жатақхана орнына комерциялық үй соғылған. Қазір жарнама арқылы пәтерлер сатылымда тұр. Өйткені, Президенттің педагог мамандығы мәртебесін көтеру бастамасына сай Павлодардың қақ ортасынан, номері 34 мектептің стадионынан опырып тұрып ойып берген 1 гектардан астам жерді жекеге сатып жіберілген. Ал, Торайғыров университетінің сол кездегі ректоры Гауһар Ғалымқызы жатақханаға берілген аумақты жоғары оқу орнының иелігіне рәсімдеп қойған. Яғни, бұл мердігер кәсіпкерді бұлтартпау әдісі. Қазір Павлодарда 7 мың студент жатақханаға зәру. Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-нің ректораты бұл мәселеге не деп жауап береді, жатақханаға берілген жер неліктен жекеге сатылды? Кім сатты? Қай ректордың кезінде?