Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана қойылғаны рас па

«Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана қойылғаны рас па

Әлеуметтік желілерде «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелді деген мәлімет тарады. Ақпараттың анық-қанығын Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Taulik.kz.
«Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды. Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары керінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.