Айына 80 мыңмен өмір сүруге бола ма – Қаржы министрі жауап берді
Айына 80 мыңмен өмір сүруге бола ма – Қаржы министрі жауап берді
Айына 80 мыңмен өмір сүруге бола ма, бұл туралы қаржы министрі жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазақстандағы кітапханашылардың ең төменгі жалақысы айына 80 000 теңгені құрайды. Бұл ақшаға өмір сүруге бола ма, жоқ па, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауабын айтты.
Үкіметтің отырысында одан осы сомаға қалай өмір сүру керектігі сұралды.
«Пікір білдіру қиын әрине. Тағы айтамын, егер мұндай мүмкіндік болса, біз шығындардың өсуін қолдауға дайынбыз. Бірақ, қазір инфляция деңгейімен күресуіміз керек", - деді министр.Orda.kz жазуынша, министр бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мемлекеттің әзірге шамасы жоқ екендігін айтты. Бірақ егер кіріс мүмкіндік берсе, Ұлттық қорды бұл үшін тағы да ысырап етпесе, бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл ретте 2023 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 60-тан 70 мың теңгеге дейін өсті. Бұл өсім екі миллионға жуық қазақстандықты қамтыды. Келесі өсім 2025 жылы күтілуде. Бұған дейін депутат Юлия Кучинская Қазақстандағы жалақыға қатысты ресми статистикадағы сәйкессіздіктерді байқаған болатын. Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросы жариялаған 340 мың теңгенің орташа жалақысы дұрыс емес. Негізі қазақстандықтар кедейірек өмір сүреді.