Қамаудағы журналист Думан Мұхаметкәрім саусағын шауып, аштық жариялайтынын мәлімдеді
Қамаудағы журналист Думан Мұхаметкәрім саусағын шауып, аштық жариялайтынын мәлімдеді
Адвокат Жалғас Сапарханова Талдықорғандағы тергеу абақтысында отырған журналист Думан Мұхаметкәрімнің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
“Талдықорған қаласындағы №71 тергеу абақтысында отырған Дәкеңмен (Думан Мұхаметкәрім -ред.) кездесіп, көріп шықтым. Оның осы уақытқа дейін қойған талабы әлгі күнге дейін орындалмай келе жатқанын білесіздер, талабы – Алматы қаласында орналасқан №72 мекемеге өзін ауыстыру еді, себебі ата-анасы зейнеткер болғандықтан, олардың келіп-кетуіне алаңдайды, уайымдайды”, – деп жазды қорғаушы.Адвокаттың сөзінше, талабы орындағандықтан, журналист 19 тамыз күні сағат 15:00 шамасында сол қолындағы бесінші, кіші саусағын шаппақ болған.
“Қапаста ешбір темір зат болмағандықтан, пластикалық затты алып саусағын шаппақ болғанда пластикалық зат сынып кеткен, нәтижесінде саусағы жырылып, көгеріп, ісіп кеткен”, – дейді Жалғас Сапарханова.Думан Мұхаметкәрім 1 қыркүйекке дейін талабы орындалмаса, аштық жариялауға, содан соң саусағын шабуға бекініп отырғанын айтыпты.