Саясат

2024 жылы Назарбаев кеңсесін қазынадан қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін

2024 жылы Назарбаев кеңсесін қазынадан қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі келесі жылдан бастап ел бюджетінен қаржыландырылмауы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ulysmedia.kz жазуынша, "Ашық НҚА" порталында  4 қыркүйекке дейін талқылауға шығарылған 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне жоспарланған шығындар туралы тармақ жоқ. Бұдан бұрын Назарбаевтың кеңсесін ұстауға 2024-2026 жылдарға 4 млрд теңге сұралғаны хабарланған еді. Бұл қаржы экс-президент кітапханасының, жеке мұрағатының және мұражайының жұмысына бағытталатыны нақтыланған.