Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

23 тамыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болған. Тағы 3 адам жарақат алды. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.