Жаңалықтар

Астанада 1-сыныпқа баратындардың 40%-ы орыс тілінде оқиды

Астанада 1-сыныпқа баратындардың 40%-ы орыс тілінде оқиды

Елордада 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың 40%-ы орыс тілінде білім алады, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді. Өз сөзінде ол, оқушылардың 61%-ы қазақ тілінде оқитынын айтты. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 2 жыл бұрын 51% болғанын, келесі оқу жылында 70%-ға жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Ал танымал педагог Аятжан Ахметжанұлы болса, бұл мәселені министрліктің идеологиялық жұмысының әлсіздігі деп есептейді.
“Қазақ сыныбында орын жоқ, орыс сыныбына барасыз ба,  деп отыратын қабылдау комиссиясын да көрдік! Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрінісі!” - дейді ол.