Швейцария Өзбекстанға Каримованың 131 млн доллар активін қайтаратын болды

17 тамыз, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Швейцария Өзбекстанға Каримованың 131 млн доллар активін қайтаратын болды Өзбекстан мен Швейцария марқұм Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримованың 2012 жылдан бері Швейцария банкінде жатқан 131 млн АҚШ долларын елге қайтару туралы келісімге келді. Бұл туралы 16 тамызда Өзбекстан тарабы мәлімдеді. Құжаттарға екіжақты қол қоюға Өзбекстанның Әділет министрі Русланбек Давлетов пен Швецария президенті Иньяцио Кассис қатысты. Келісім жасау рәсіміне БҰҰ өкілі Дженнифер Топпинг келді. Қаржы әлеуметтік көмекке жұмсалады. Екі жақ ортадағы ақшаның білім мен денсаулық саласына жұмсалатынына келісті.