Адам саудасы үшін сотталғандардың көбі әйел адамдар
Адам саудасы үшін сотталғандардың көбі әйел адамдар
Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр. Жыл сайын жүзге жуық іс қаралады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Finprom.kz мәліметінше, бұрын Ресейге транзиттік ел болып келген Қазақстан да 2000-жылдардың басында экономикасы жақсара бастаған уақыттан бастап көші-қон үдерістерінің белсенді қатысушысы саналады. Еліміз қазір еңбек мигранттарының негізгі бөлігін құрайтын Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтарын жұмысқа тарта бастады.
Соған қарамастан, заңсыз көші-қон, сондай-ақ еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу фактілері әлі де бар. Миграцияның көп байқала бермейтін ең басты проблемасының бірі — адам саудасының болғаны және бола беретіні.
Адам саудасының құрбаны болған мигранттар құрылыс пен ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге мәжбүр. Олар көп жағдайда жоғары табыс туралы уәделерге алданып қалады. Шындығында, олар көбінесе жағдайдың тұтқыны болып, мәжбүрлі жұмыстарға жегіледі.
«Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын «адам саудасы» санаты бойынша 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеу тіркеледі. 2019-2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болған», - дейді мамандар.
Taulik.kz