Жаңалықтар

Қостанай облысында орманнан бойжеткеннің денесі табылды

Қостанай облысында орманнан бойжеткеннің денесі табылды

Қостанай облысында саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан жас қыздың денесін тауып алды, деп хабарлайды Taulik.kz. Alau.kz жазуынша, 27 тамызда сағат 17.00 шамасында Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ теріп жүргендер жас қыздың денесін тапқан. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Кездейсоқ көріп қалдық. Сол жерде көлігі де тұр екен. Алдыңғы орындықта балаларға арналған орындық бар», - дейді видеодағы дауыс.
Ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады. Қазіргі уақытта полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.