Астанадағы көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды
Астанадағы көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды
Елордадағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды, деп жазады Taulik.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, Тәжікстан арнайы елорда тұрғындары мен қонақтарына алуан түрлі тәттілер, жеміс-жидектер, кәдесыйлар, сәндік бұйымдар ұсынып қана қоймай, тәжік халқының ұлттық ерекшеліктері көрсетілген. Ал жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталған. Себебі жеткізілген өнімдер екі күн ішінде сатылып кеткен. Бұл жәрмеңкеге 100 мыңнан астам адам келген..
"Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді. Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, желіде бұл жәрмеңкеден түрлі видеолар тарады. Кадрлардан адамдардың жемісті аяғымен басып, мөлшерсіз талап алып жатқанын көруге болады. Адамдардың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, тегін ұйымдастыру деген нәрсеге тыйым салу керек.