Жаңалықтар

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов отставкаға кете ме

Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін

Шымкентте Мұрат Әйтенов қала әкімі қызметінен кетеді деп күтілуде, деп хабарлайды Taulik.kz.

5 қыркүйекте сағат 15:00-де Шымкент мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді. Онда қала әкімінің тағайындалуына келісім беру мәселесі қаралады. Тиісті хабарландыру қалалық мәслихаттың сайтында жарияланатын болады.

Мегаполис тұрғындары 3,5 жыл ішінде Әйтеновтің  отставкаға кетуін бірнеше мәрте талап еткен. Оған мегаполистің күйрегені негіз болған.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Әйтенов 2020 жылы қаңтарда Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылы президент сайлауынан соң Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.