«Семей орманынан» жүк көлігін толтыра ағаш тиеп алғандар ұсталды
Қылмыскерге сотқа дейінгі тергеу басталды
Абай облысы Бесқарағай ауданында «Семей орманы» қорығынан ағаштарды заңсыз кесіп, ұрламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны ағаштарды жүк көлігіне тиіп жатқан сәтінде ұстап алған.
«Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық жұмыс барысында орман қорының, «Семей орманы» мемлекеттік орман-табиғат резерватының Морозовский бөлімшесі аумағынан ағаштарды заңсыз кесіп әкетпек болған ер адамды тоқтатты», - деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.
Аталған іске ҚР Қылмыстық кодексiнің 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне тіл тигізу), сондай-ақ 340-бабының 3-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) және188 бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.