Тағы бір ел НАТО базасын орналастырады
Болгарияның қорғаныс министрі Тодор Тагарев 2025 жылға дейін орналастыратынын мәлімдеді
Болгария НАТО-ның әскери базасын 2025 жылға дейін 100 миллион левке (50 миллион еуро) орналастырады. Бұл туралы Болгарияның Қорғаныс министрі Тодор Тагарев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Қажетті инфрақұрылымды — казармаларды, техниканы сақтауға арналған ғимараттарды салу, НАТО-ның көпұлтты жауынгерлік тобы үшін жол желісін дайындау үшін бізде 100 миллион левтен астам шығын болады. Нәтижесінде шағын қала болуы керек. База 2025 жылға дейін дайын болуы тиіс", - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Тагарев сонымен қатар әскери қалашықты орналастыру туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты. Қаражаттың бір бөлігі НАТО тарапынан тікелей жабылады.
Бұған дейін астық мәмілесін тоқтату аясында НАТО Қара теңіздегі барлауды күшейту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Альянс өз ұстанымын НАТО — Украина кеңесінің қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде білдірді.
Мәлімдемеде Солтүстік Атлантикалық альянс пен оның мүшелері Қара теңіз аймағында " теңіз патрульдік ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы" бақылау мен барлауды кеңейтетіні көрсетілген.