ОСК Вера Кимді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді
ОСК төрағасы депутаттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі
2023 жылғы 19 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы» қаулы қабылданды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.
Төраға Вера Александровнаға куәлік пен төсбелгіні табыстап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.