Тікелей эфирде басы дауға қалған Щучинск әкімі қызметінен кетті

2 қазан, 2023 / taulik
Видеодан алынған кадр
Өкілеттігін тоқтату туралы шешім О.Б.Нұрмағамбетовтың жеке өтініші негізінде қабылданған.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде сұрақ жолдаған жергілікті тұрғындарға дөрекі сөйлеп, басы дауға қалған Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов қызметінен кетті, деп хабарлайды taulik.kz.

“Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы өкімімен Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі Нұрмағамбетов Олжас Байболатұлының өкілеттігі тоқтатылды”, – делінген Бурабай аудандық әкімдігінің хабарламасында.

Тэгтер:

Щучинск әкімі тікелей эфир