Жаңалықтар

Тоқаевтан араша сұраған актер сотталып кетті

Танымал актер Мемлекет басшысына видеоүндеу жасаған болатын.

Танымал актер Асқар Жұмабек сот залынан қамауға алынып, 6 жыл 6 айға сотталып кетті. Актер үкім алдында президент Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, араша сұраған еді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда олигарх Бахаридин Әбіләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен бірге төбелеске қатысушылар сотталып кетті.

"Сот үкімімен Ж., Қ., Т., с., р., Н. және К., қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Р-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қ., Т., с., Н., және К., әрқайсысына 6 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бес күзетші, диджей және мекемеге келуші “бұзақылық жасады, қасақана бұзақылық жасаған адамдар тобының денсаулығына ауыр және орташа зиян келтірді” деп айыпталған.