Енді мұғалімдер мен оқушылар сенбі күні демалады
Енді мұғалімдер мен оқушылар сенбі күні демалады
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық Тамыз конференциясында оқу жылын ұзарту арқылы білім саласындағы бірқатар мәселені шешуге болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«25 мамыр – 31 мамыр. Былай қарағанда, санаулы күндер. Алайда бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Біріншіден, алты күн оқып жатқан, яғни сенбі күні демалмай жүрген бір жарым миллионға жуық оқушы бір жылдың ішінде 36 күн демалыс алады. Сенбі күні ата-анасының қасында болып, қосымшаларға барып, білімін дамыта алады, кітап оқып, үйде демалады. Екіншіден, бізде көп мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Оқу жүктемесінің азайғанына байланысты екі ауысымда оқып жатқан балалардың үш жүз мыңға жуығы бірінші ауысымда оқитын болады. Сонымен қатар жүз елу мыңға жуық мұғалім енді сенбі күні үйінде болады. Олар да демалуы керек. Балалармен жұмыс – өте күрделі жұмыс. Сондықтан 1 қыркүйектен оқу жылының соңына дейін мұғалім шаршайды», – деді министр.