Жаңбыр жауып, үсік жүреді: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы
17 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Қазгидромет 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz.
Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады.
Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.
Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.