Жаңалықтар

Министр: Фильмнен кейін халықта дүрлігу болады деп күткен жоқпыз

Қазір оны желіден кез келген адам көре алады.

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Журналистер министрден бұл фильмнің прокаттағы орны неге тым қысқа болғанын сұрады.

"Біз мұндай дүрлігу болады деп ойлаған жоқпыз. Шынында да, уақыты алдын ала таңдалды. Көрермендер қызығушылық танытқаннан кейін біз фильм көрсетілімін бір аптаға ұзарттық. Бізде үлкен экранға шығуға кезек күтіп тұрған басқа фильмдер де бар, менің ойымша, мұнда проблема жоқ. Парадокс мынада: бұл фильм "Қазақстан" телеарнасының эфирінде үш рет көрсетілді, бірақ ол кезде көрермен тарапынан ерекше қызығушылық болған жоқ. Қазір оны желіден кез келген адам көре алады", - деп жауап берді министр.

Фильмнің прокаттан алынып тасталуының ешқандай саяси астары жоқ деп тілге тиек етті.

"Көрермендердің қызығушылығы жақсы. Енді біздің қазақстандық сериал өндірісі табысты болады деген үміт бар. Осы уақытқа дейін бізде түсірілгеннің бәрі сапасыз деген стереотип болды. Енді біздің режиссерлер лайықты картиналар түсіре алады деп айта аламыз", - деп қосты ол.