Астанада Асқар Забикулиннің құрметіне көше ашылды
Көшенің ашылуына Асқар Зәбикулиннің туыстары, әйелі мен балалары, күзет органдары қатысты.
Елордада өрттен 3 адамды аман алып қалған марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне көше ашылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі Құтқарушылар күніне орай бас қаладағы Үркер шағын ауданында Асқар Серікұлы Забикулин атындағы көшенің ашылғанын хабарлады.
«Ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулин есімі берілді, ескерткіш тақта орнатылды. Көшенің ашылуына Асқар Зәбикулиннің туыстары, әйелі мен балалары, күзет органдары қатысты. Шара барысында Астана ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, Асқардың туыстары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды» деп хабарлады ведомство.