Жаңалықтар

Адамның ішкі органдарын сатумен айналысқан топ құрықталды

Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды.

Алматы облысының Полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен 22 фигурант (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізілген.

"Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңге болады, осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.