Бірнеше тілді «мәмбеттер тілі» деген алматылық қыз тергеуге алынды

19 қазан, 2023 / Гауһар Есенгелдіқызы
ашық дереккөзден
Ол бұл ойын тікелей эфирде айтқан

Алматылық желідегі қыздың қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген бейнежазбасы желіге тарады, деп хабарлайды Taulik.kz .

Бойжеткен өзінің қазақ тілі ұнамайтынын айтқан.

"Маған қазақ тілі мүлде ұнамайды. Шынын айтқанда, ол – «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қазақ пен қырғыздың тілі – "мәмбеттердің» тілі", - дейді ол.

Алматы қалалық полиция департаменті ҚР ҚК-нің 174-бабымен желідегі қызға сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Тэгтер:

мәмбет тіл тұрғын тергеу