Дивиденттер саясаты жіті бақыланады
Бұл жаңа бюджет кодексінде қарастырылған
Елімізде дивиденттер саясаты бақылауда болады. Әсіресе Ұлттық компаниялардың есеп-қисабы жіті тексеріледі. Үкімет арнайы тексеру нәтидесінде осындай ұйғарымға келіп отыр. Қазір ұлттық компанияларға бақылауды күшейту үшін оның ішкі операцияларын мейлінше ашық жүйеге келтіру шарасы қабылданған. Бұған дейін жылдық есеп онлайн форматта жарияланып келсе, енді ай сайынғы жұмыстар да шығарылып отыруы қажет. Ол үшін бюджет процесінің арнайы құжаттарды жариялау үлгісі шығарылған.
Бұған дейін бюджет кодексіне әрбір компанияның 10 жылға дейінгі жоспары, қаржылық тәуекелдері көрсетілуі керек деген норма енгізілген. Оданғы талаптар бойынша қандай қаражат қандай мақсатта жұмсалғаны жазылуы шарт. Енді дивиденттер саясаты, сыртқы және ішкі қарыздары да осы ережеге негізделеді.