Жаңалықтар

Аймағамбетов қызметінен кетсін, тіпті шара қолдану керек - ЗАҢГЕР

Аймағамбетов қызметінен кетсін, тіпті шара қолдану керек - ЗАҢГЕР

Танымал заңгер Жангелді Сүлейманоы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің отставкаға кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.  Даудың басы Аймағамбетовтың өз ұлына осынша бағаға киім алдым дегенінен басталды. Ол желідегі оқырмандардан Asia Park сауда орталығында орналасқан GLASMAN дүкеніне барып, ондағы киімдердің мата құрамын тексеріп, суретке түсіруді сұрады.
"Егер дүкендегі көйлек 100% (мақтадан) болмаса, ал шалбар мен пиджак жартылй жүн қосылған матадан болып шықпаса, онда министр өзі отставкаға кете алады. Біріншіден, министр арнайы талапқа қайшы келетін мектеп формасын сатып алмауы керек еді. Екіншіден, мұндай мектеп формасын сатуға тыйым салу үшін шара қолдануы керек", - деп жазды заңгер.
Заңгер Оқу-ағарту министрінің шара қолдану орнына GLASMAN дүкенін жарнамалап жүр деп айыптады.
«Таза матадан тігілген мектеп формасы қымбат және қолжетімсіз болса, онда міндетті форманы енгізудің қажеті жоқ. Сөз соңында айтарым, министрді қызметінен босата беруге болады, өйткені пиджак жартылай жүн қосылған матадан емес, 35% вискоза және 65% полиэстерден тігілген, я ғни ол синтетика», - деп жазды заңгер.

Taulik.kz