Қайрат Боранбаев түрмеден шығатын болды
Сотта Боранбаевтың өз ісіне өкінгені ескерілді
Сот Боранбаевтың жазаның 1/3 бөлігін өтегенін, шығынды толық өтеп, жасаған әрекетіне өкінгенін ескерді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Сондай-ақ Боранбаевтың қамауға алынған 2022 жылдың 15 наурызынан бері тәртіп бұзбағаны негізге алынған.
Айта кетейік, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Боранбаев 6 жылға сотталды. 90 млрд теңгенің мүлкін мемлекет меншігіне беріп, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге ақша бөлді.