ПСЖ 70 миллион еуро тұратын Баварияның ойыншысына көз тігіп отыр
Нарықтағы құны 70 миллион еуроны құрайды
Француздық ПСЖ «Баварияның» сол қапталдағы қорғаушысы Альфонсо Дэвистің трансфері үшін «Реал Мадрид» және «Манчестер Ситимен» бәсекеге түсуге дайын, деп хабарлайды Taulik.kz Sport.es.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің айтуынша, ПСЖ канадалық футболшының Бавариямен келісім-шартына қатысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отыр, ол әлі келісімін жаңартуға асығар емес.
Естеріңізге сала кетейік, 22 жастағы қорғаушының клубпен келісімі 2025 жылдың маусымына дейін. Альфонсо Дэвис мюнхендік клубқа Ванкуверден 2019 жылы қосылды. Осы уақыт ішінде канадалық футболшы әртүрлі жарыстарда 165 матчқа қатысып, сегіз гол соғып, 28 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны 70 миллион еуроны құрайды.