Қоғам

БҚО-да бірінші курс студенті сегізінші қабаттан секіріп кеткен

Студент қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бірінші курс студенті сегізінші қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлады taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 21 қазанда болған. 

"Студент Облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.  

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, студент қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.