Өскеменде 11 жасар бала күтпеген жағдайда қайтыс болды
Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.
Өскеменде 11 жасар бала қайтыс болды. Расталмаған ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған бала тамаққа қақалып қалған, деп хабарлады taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға жайлы 23 қазанда белгілі болды. Әлеуметтік желілерде 11 жасар бала, тамаққа қақалып қайтыс болғаны туралы айтылған хабарлама тарады.
"Кеше күндізгі сағат екіде бір бала жүзімге қақалып қайтыс болды. Ертең жерлеу рәсімі... Бала небәрі 11 жаста", - делінген жазбада.
Кенеттен баласы қайтыс болған отбасыға көмек көрсету үшін еріктілер қайырымдылық акциясын ашқан.
Денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын растады.
"Шынымен де облыс орталығында 11 жасар бала қайтыс болды. Алайда, өлімнің себебі әлі белгісіз, мұны сот-медициналық сараптама көрсетеді", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.