Қазақстанда 70 мың теңгеге өмір сүретін отбасылар саны қанша?
Зерттеу есебіне 2023 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылған.
Ұлттық статистика бюросы халықтың жалақы есебін зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Зерттеу есебіне 2023 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылған.
“Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, орта және шағын кәсіпорындардан ішінара 30% іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыны, үстемеақыны, сыйақыны, салық пен зейнетақы аударымын ескере отырып, 2023 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылды”, – делінген хабарламада.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 683,8 мың адамды) 49%, әйелдер (1 753,5 мың адамды) – 51%.
Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақы – 70 000 теңгені қызметкерлердің 1,5% алады. Әрі қарай:
- 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін – 22,8%
- 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін – 36,2%
- 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін – 30,8%
- 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін – 5,5%
- 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін – 1,7%
- 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 0,6%
- 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны қызмектерлердің 0,9% алды.
Қызметкерлер жалақысының модальді мәні – 81 377 теңгені құрады. Бұл - жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері.
“Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 6,0 құрады. Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы - 230 841 теңгені, жоғары білімі барларда – 398 214 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардікі - 505 170 теңгені құрады. Қызметкерлер жасы бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы - 223 165 теңгені, 25-тен 28 жасқа дейін – 284 278 теңгені, 29-дан 34 жасқа дейін - 324 276 теңгені, 35-тен 44 жасқа дейін - 356 082 теңгені, 45-тен 54 жасқа дейін - 330 626 теңгені, 55-тен 64 жасқа дейін - 305 319 теңгені, 65-тен жоғарылардікі – 284 378 теңге”, – деп мәлім етті сарапшылар.