Жаңбыр, бұрқасын: Жұмаға арналған ауа райы болжамы
27 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
«Қазгидромет» 27 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлады taulik.kz.
Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.
Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі.