Жаңалықтар

Ойын бизнесінің салығы 30%-ға дейін өсуі мүмкін

Елімізде ойын бизнесі саласы үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта өткен Салық кодексіне арналған Үкімет сағатында ойын бизнесіне салынатын салық жайлы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Қазақстанда азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін ҚҚС салудың тиімді жағдайлар жасалған. Сондай-ақ бөлшек саудагерлер бөлшек салық режимін қолданады, онда ҚҚС-тан босату да қарастырылған. Бұл жеңілдіктер сақталады», - деп айтты Қуантыров.

Сонымен қатар ҰЭМ КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемесін саралауды ұсынып отыр.

«Шикізат және қаржы секторлары, сондай-ақ ойын бизнесі салалары үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылады. Сондай ақ шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Ұлттық экономика министрі.