Қоғам

32 педофилге химиялық кастрация жасалды

Медициналық қарсы көрсеткіштер болған жағдайда педофилдер психотерапевтік ем алады

Биыл 32 педофилге химиялық кастрация жасалды, деп хабарлады Taulik.kz.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, былтыр 30 педофилге химиялық кастрация жасалған.

Биыл қыркүйектің соңында 32 адам химиялық кастрациядан өтті. Химиялық кастрация – бір рет жасалатын процедура емес. Ол сот шешімімен тағайындалады және пациентке тестостерон деңгейін төмендету үшін ұзақ уақыт антиандрогенді препарат салынады, – деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметте.